Рецензия

Справочный раздел и тд
Zara
Сообщения: 13
Зарегистрирован: Вт май 26, 2020 8:36 pm

Рецензия

Сообщение Zara »

Люди помогите как написать рецензию? Есть ли примеры на казахском?

Janelya
Сообщения: 8
Зарегистрирован: Чт май 28, 2020 6:14 pm

Re: Рецензия

Сообщение Janelya »

Ғылыми мақалаға сын пікір жазу үлгісін тауып алдым керегіңізге жарасын :)
1.Мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі. Мысалы: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Б.Т.Қалымбетовтың «Дифференциалдық есептеулердің қолданысын үйренуде студенттердің жобалау-зерттеу құзіреттілігін дамыту» атты мақаласына
Ортасына бас әріптермен "РЕЦЕНЗИЯ" деп жазасыз.
2.Мақала арналған мәселенің қысқаша баяндалуы. Мысалы:
Б.Т.Қалымбетовтың мақаласы математикалық білім беру шартында проблемалық оқытуды, студенттің өз бетінше білім алудағы, практикалық іс-әрекеттерде біліктілігін жетілдірудегі белсенділігін арттыруға бағыттап түр өзгерту қажет. Бұған проблемалық болып табылатын, қазіргі кезде кең тарап және енгізіліп жатқан жобалау және зерттеу әдістері көмек көрсете алады. Бірақ, іс жүзінде, жобалау және зерттеу әркеттерін ұйымдастыруда да бірнеше проблемалық мәселелер бар.
3.Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі. Мысалы: Мақалада дифференциалдық есептеулердің қолданыстарын оқыту процесінде студенттердің жобалау-зерттеу құзіреттілігін дамыту мәселелері қарастырылған.
4.Автордың мақалада ашқан неғұрлым маңызды аспектілері. Мысалы: Студенттердің жобалау-зерттеу іс-әрекеттері қабілеттерін қалыптастыруды дамыту жоғары білім берудің негізгі мәселесі болып оқытудың барлық кезеңдерінде үздіксіз жүзеге асырылуы қажет. Авторлар бірнеше алгебралық және транценденттік қисық сызықтарды сызу арқылы жобалау-зерттеу іс-әрекетін дамыту моделін ұсынады.
5.Жариялауға ұсыну. Мысалы: Б.Т.Қалымбетовтың «Дифференциалдық есептеулердің қолданысын үйренуде студенттердің жобалау-зерттеу құзіреттілігін дамыту» атты ғылыми мақаласы осы талаптардың бәріне сәйкестікте жауап бере алатындай жұмыс. Бұл мақаланы басылымға ұсынуға болады.
6.Рецензенттің аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қолы, мөрмен расталуы.

Ruslan
Сообщения: 8
Зарегистрирован: Сб май 30, 2020 5:32 pm

Re: Рецензия

Сообщение Ruslan »

егер магистрлік диссертацияға сын-пікір керек болса, онда мазмұны мыналарды қамту қажет:
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігінің сипаттамасы.
2. Автордың өзіндік сипаттамасы.
3. Магистрлік диссертация авторының көзқарасын талдау.
4. Магистранттың зерттеу әдістерін пайдалану біліктілігін талдау.
5. Магистранттың қортындысы мен ұсынысының негіздемесінің деңгейі.
6. Магистранттың алынған нәтижелерінің шынайылығын талдау.
7. Жұмыстың практикалық маңыздылығының жаңалығын талдау.
8. Диссертацияның кемшілігін талдау.








Ответить