Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру

Словари, Перечень типовых документов, Словарь сокращенных слов
Ответить
Serik
Сообщения: 2
Зарегистрирован: Пн май 04, 2020 8:05 pm

Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру

Сообщение Serik »

Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.
Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.

1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
2-ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.
3-ші топ. Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.

Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздары: Түйіндеме, Өмірбаян, Жеке іс парағы, Өтініш, Арыз, Мінездеме, Кепілдеме, Визит карточкасы, Анықтама, Жеделхат.

Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін іс-қағаздары: Қолхат, Кепілхат, Сенімхат, Өтінім, Тапсырыс, Келісімшарт, Шарт, Еңбек шарты, Еңбек келісімі

Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты іс-қағаздары: Хаттама, Қызметтік хаттар, Хабарландыру, Бұйрық, Жарлық, Үкім, Өкім, Жарғы, Ереже, Қаулы, Шешім

Формасына қарай:
• Типтік;
• Трафареттік;
• Еркін мәтінді болып бөлінеді.

1. Типтік ісқағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын ісқағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.
2. Трафареттік ісқағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала баспаханалық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды ай- тамыз.

Мәтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, тегі, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі баспаханалық әдіспен басылып, алдын ала дайындалады.

3. Еркін мәтінді ісқағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша жазылмайтын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді ісқағаздарын безендіруде де жалпы ісқағаздарына қойылатын талаптар сақталады.

Қолданылу орнына қарай:
• Мекемеішілік;
• Мекемеаралық;
• Мемлекеттік;
• Халықаралық болып бөлінеді.

Шығу, жасалу сатысына қарай:
• түпнұсқалық;
• көшірмелік болып бөлінеді.

Түпнұсқалық ісқағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.

Ал көшірмелік ісқағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. М: Көшірмелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді т.б.), дубликатын жатқызуға болады.

Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.

Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.

Кез келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруге құқы бар. Құжат көшірмелерінің көшірме екендігі расталып, қол қойылып, мөр басылғанда ғана заңды күші бар.

Жанбырбаева Меруерт
Сообщения: 8
Зарегистрирован: Вт май 26, 2020 2:43 pm

Re: Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру

Сообщение Жанбырбаева Меруерт »

Визит карточкалар да құжат түріне жата ма? оны жасаудың нормалары бар ма? ол туралы мәліметті қайдан алсам болады?

Nadir
Сообщения: 5
Зарегистрирован: Чт июл 09, 2020 3:49 pm

Re: Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру

Сообщение Nadir »

https://resmihat.kz/document/view?id=329 осы сайтта толық мәліметтер бар

Nadir
Сообщения: 5
Зарегистрирован: Чт июл 09, 2020 3:49 pm

Re: Іс қағаздарының түрлері және оларды топтастыру

Сообщение Nadir »

https://resmihat.kz/document/view?id=329 осы сайтта толық мәліметтер бар

Ответить